Жамбыл жерінен әлемдегі ең ірі жеті шайқастың бірі саналатын Атлах шайқасының орны табылды. Араб пен Қытай империясы арасындағы соғыс Тараз маңында өткені тарихтан белгілі. Бірақ бұған дейін нақты қай жерде болғаны жұмбақ еді. Енді тараздық тарихшылар Бесағаш ауылының маңын Атлахтың алаңы деп, шайқастың шекарасын шегендеуге көшті.