Қариялар да мемлекеттің қамқорлығында. Оларға үкімет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Соның бір айғағы – белсенді өмір сүру орталықтары. Мұнда спортпен шұғылданып, қалаған ісімен айналысады, ән-би, тіл үйірмелеріне қатысады. Зейнет жасына жеткен ардагерлерді елеусіз қалдырмай, оларға жағдай жасап отырған билікке аға буынның да айтары бар.