Облыс басшысы Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен биылғы жыл Жамбылда «Кітап оқу жылы» деп жарияланды. Осыған орай, бүгін Меркі ауданы №1 Жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып, «Ойтаным» зияткерлік ойынын өткізді.
Бұл шара білім саласындағы жетістіктерді арттыру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын көтеру мақсатында өткізілді. Аталған зияткерлік ойынға аудан мектептерінен 9 команда 5 кезең бойынша бақ сынасты.