Өткен жылы облыстық қазынадан әлеуметтік қамсыздандыруға 300 млрд теңге бөлініп, 296 мыңнан аса адам әлеуметтік көмек алды. Ал 46 743 мүгедектігі бар жандар мен асыраушысынан айырылғандар 39,5 млрд теңге жәрдемақы алса, 46 мыңнан аса көпбалалы отбасыларға 472,9 млрд теңге қаражат төленген.