Өткен жылы Жамбыл облысында 600-ден аса мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалған. Бірқатар заңға қайшы әрекеттер орын алған.Мәселен, еңбек заңнамасында іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғандығы анықталған.

Ал, кейде осы мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар икемді жұмыс кестесі бар екенін де ұмытып кетеді. Әсіресе, бұл кішкентай балалары бар қызметкерлер үшін маңызды, әрі тиімді.