Еліміздегі мемлекеттік тұрғын үй саясаты халықты тиімді бағада және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және азаматтардың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыруға сеп болмақ.

Халық жаппай қалаға көшіп жатыр және жақсы үйде тұрғысы келеді. Сол үшін мемлекет түрлі санаттағы азаматтардың қажеттілігін ескеретін бірқатар бағдарлама әзірледі. Солардың ішінде өңірлік тұрғын үй бағдарламасы «Әулиеата жастары».