Елімізде мобильді аударымдарға қатысты жаңа шектеулер қойылмақ. Қаржы министрінің мәлімдеуінше, үш ай ішінде бір нөмірге әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым түскен жағдайда бақылау шаралары басталады. Бұдан былай азаматтардың қаржылық кіріс-шығысын екінші деңгейлі банктер Мемлекеттік кірістер департаментіне ұсынып отырады.