Еңбек жолын сонау Кеңес үкіметі кезінде қарапайым жолшы болып бастап, басшылық қызметке дейін көтерілген Мырзахмет Ибрагимов өз ісінің майталман маманы. 40 жылға жуық ғұмырын жол саласына арнаған жанның Жамбылдағы талай жолда төккен тері, сіңірген еңбегі бар. Экономикамыздың күретамыры саналатын жолдардың сапасын тексеріп, халыққа қалтқысыз қызмет етуін қадағалайтын мекеме басшысының өз мамандығына деген сүйіспеншілігі көпке үлгі.