«Мақсатым; Егемендік пен экономиканы нығайту» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын белгілеп берді десе болады.
Онда елдің өткені мен бүгінін әділ бағалап, талдап өтті. Қарапайым сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысы осы уақыт аралығында қордаланған сұрақтар мен ойларға нақты жауап берді.