Талай жыл ғұмырын медицина саласына арнап, адам өмірін арашалап қалар, нағыз дәрігерлер бар. Олардың кейбірі мамандықты атадан аманат етіп алып, балаға мирас қылып табыстайды. Сондай үш ұрпақты дәрігерлер династиясы Жамбыл аудандық орталықтандырылған ауруханасында еңбек етеді. Олар «Абдуалиевтер» жанұясы.