Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Оларға халықтың тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нұсқаулар беріледі.
Әсіресе, мереке жақындағанда полиция қызметкерлерінде тыным болмайды. Тынығатын уақыты азайып, күні түні кезекшілікке шығады.