Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Қордай ауданында полиция бөлімінің бірден екі жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Аудан орталығы – Қордай ауылында 150 келушіге арналған ғимарат ашылса, халық тығыз шоғырланған Сортөбе ауылында 75 келушіге арналған полиция бөлімінің жаңа ғимараты тәртіп сақшыларының қызметіне берілді.