Жаңа жылды мерекелік дастархан басында емес, жауынгерлік қызметте өткізетіндердің қатарында әскери қызметшілер бар. Отан қорғаушылар үшін әскери міндет пен жауапкершілік бір минут та тоқтамайды.Халық ескі жылды шығарып, Жаңа жылды қарсы алып жатқан уақытта бұл азаматтар ел тыныштығын күзетіп, қызметте болады.