2024- жылы - Жамбыл облысында төтенше жағдайларға дайындықты жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Төтенше жағдайлар қызметінің өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған ауқымды республикалық және трансшекаралық оқу-жаттығулар өтті. Ал Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында Қордай ауданында жаңа заманауи өрт сөндіру бекеті ашылып, өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болды.