Жамбыл облысында алдағы жылы 4 тауарлы сүт фермасы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Нысан 1913 бас ірі қара малға арналған. Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылыс аяқталуға жақын. Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде қолға алынған. Бұдан бөлек, сыйымдылығы 28 мың тоннаны құрайтын 5 заманауи көкөніс қоймасының құрылысы жүріп жатыр.