Доллар бағамының құбылуы әлеуметтік баспаналардың бағасына қатты әсер етпейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі осылай деді. Яғни «Отау», «Наурыз» бағдарламалары арқылы сатылатын және әкімдік тарапынан жалға берілетін үйлердің бағасына мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасалады. Сондай-ақ құрылыс материалдарының шамамен 70 пайызы отандық өнім. Долларға еш қатысы жоқ. Сондықтан күрт қымбаттау болмайды. Ал, кәсіпкерлердің өздері салып, сататын үйлерінің бағасын нарық өзі анықтайды, - деді министр.