«Ауыл аманатының» арқасында Сарысуда 700-ге жуық жаңа кәсіпкер тіркелді. 712 жаңа жұмыс орны ашылып, ал атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 91 адамға қысқарған. Ауданның келесі жылға жоспарлары да жаман емес. Алдағы 2025 жылы жалпы құны 34 жарым млрд. теңгені құрайтын 55 инвестициялық жобаны жүзеге асырамыз деп отыр. Олардың жобалық сметалық құжаты дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен. Ауданның 10 айдағы әлеуметтік даму көрсеткіштерімен әкімі Сәкен Мамытов баяндап берді.