Қазақстан мен Ресейдің арасында экономикалық қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қос мемлекеттің сарапшылар кеңесінің отырысында айтылды. Екі ел қазір 100-ден астам бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Одан бөлек білім беру саласындағы байланыстар да жыл санап нығая түсуде. Сондай-ақ, гуманитарлық, ғылым және бизнес саласында да қарым-қатынас жолға қойылған. Бүгінде ел ішінде көрші мемлекеттің 20-дан астам ірі компаниясы жұмыс істейді. Бүгінгі жиында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей Ғылым академиясының әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының өкілдері әріптестікті бекемдеп, оны жаңа дәрежеге көтеру жағын талқылады.