Таразда жолда апаттық жағдай жасаған куәлігі жоқ жүргізуші 3 тәулікке қамалды. Облыс орталығы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жүргізушіні анықтады.