Жаздың алғашқы күнінде Тараз қаласындағы Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас пен Чилилік қарсыласы Даниэла Асенхо арасында жекпе-жек өтті. Бұл кездесуде Ангелина Лукас екінші жеңіл салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпиондық белдігін бәске тіккен еді. Жекпе-жек отандасымыздың сенімді жеңісімен аяқталды.