Жамбыл облысында алғаш рет шыны зауыты іске қосылды. Өндіріс ошағының ашылуы өңірдің индустриалды –инновациялық дамуына серпін бермек. Кәсіпорын соңғы технологиялармен жабдықталып, мұнда 40 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Өндіріс ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.