Ауылда жүріп-ақ 60-қа жуық мүсін жасаған. Шу ауданында қарапайым шебер тасты қашап, түрлі бейнедегі туындыларымен көпті тәнті етіп жүр. Қазір Қали Қораласбаевтің қолынан шыққан мүсіндері аудандық саябақта тұр. Тіпті облыстық және ұлттық мұражайларға да қойылған.