Білімгерлер оқу жылын аяқтап, жаңа мүмкіндіктерге қадам басып келеді. Осы ретте Таразда студенттік құрылыс жасақтарының арнайы ашылу салтанаты өтті. Игі бастама Жамбыл облысы әкімдігі, «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің бірлесуімен жүзеге асты.