Тараз қаласында 2007–2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында халықаралық бокс турнирі басталды. Жарыс балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. Турнирдің басты мақсаты – болашағы зор, шеберлігі жоғары боксшыларды іріктеп, 2025 жылғы республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларды жасақтау.