Таразда әуесқой өнерпаздар бақ сынасуда. Дәлірек айтқанда, «Халықтық» үлгілі атақтары бар көркемөнерпаздар ұжымының облыстық байқау фестивалі басталды. Ортылық саябақта күй шертіліп, ән шырқалып, жиылғандар шат- шадыман күйге бөленді. Таланттар түрлі аспапта еркін ойнап, мың бұрала билеген бишілер ұлтық рухты асқақтатты.