Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб «Қалқан-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуын өткізді. Шара Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ұйымдастырылып, арнайы дайындалған сценарий бойынша жүргізілді. Жаттығу барысында шартты түрде қаруланған лаңкестер оқу орнына басып кіріп, 18 оқытушыны кепілге алды. Құқық қорғау органдары мен арнайы жасақ жедел әрекет етіп, білім ошағы бірден бақылауға лынды.