Жамбыл облыстық сотында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдады және сақтады деп айыпталған Тараз қаласының 58 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкіміне сотталушы апелляциялық шағым келтіріп, заң аясында жазасын жеңілдетуді сұрады. Дегенмен сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.