Бәйтерек шағын ауданының тұрғындары 3 жыл бойы қоқық ауласының орнын ауыстыра алмай әлек. Әр кезде әртүрлі сылтау-себеппен «жасалды» деген уәдеге тойған. №6,7,13 пен 14-үйлердің қақ ортасында орналасқан 8 қоқық жәшігі жаңадан СОҒЫЛҒАН ШАҒЫН футбол алаңшасымен, жарықтандыру орталығының жанында тұр.