Елімізде ауылдың әлеуметтік жағдайын арттыруға арналған үкіметтік жобалар жетерлік. Соның ең бастысы бір ғана «Ауыл- ел бесігі» жобасы бойынша былтыр 95 елді-мекенде 280 жоба жүзеге асқан.
Облыста да атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен Талас ауданындағы Ойық ауылдық округіне қарасты үш елді-мекеннің де жолдары жөнделіп, жарықтандырылған. Жаңа нысандар да бой көтеріп жатыр.