Үкіметтік емес ұйымдардың халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық диалогтің қалыптасуына ықпалы жоғары. Азаматтық қоғам институттары өз жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың басым бағыттарымен ұштастыра отырып іске асыруы маңызды.
Қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуінде осылай деді. Кездесуде Үкіметтік емес ұйым өкілдері түрлі ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, бірқатар мәселелерді талқылады.