Тараздық оқушы елордада өткен республикалық олимпиададан жеңіспен оралды. «Republican History Oliympiad» яғни, дүниежүзі тарихынан өткен білім бәсекесінде Нұрғанат Қанат 1 орын иеленіп, алтыннан медаль тағып келді. Енді ол 2025 жылы Франция астанасы, Париж қаласында өтетін халықаралық олимпиадада бақ сынайтын болады.