Шу ауданында полиция қызметкерлері Түркістан облысының және Алматы қаласының 2 тұрғынын жабайы қарасораны дайындау және жинау кезінде ұстады.Аса ірі көлемдегі есірткі құралдарын заңсыз дайындау, сақтау дерегін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының "Дельта-Долина" және "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлері "Қарасора-2024" іс-шарасы шеңберінде анықтады.