Өңірлердегі инвестициялық ахуалды жақсартып, кәсіпкерлерге қолдау көрсету – мемлекеттік маңызды міндеттің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін құзырлы ведомстволардың жұмылуы маңызды. Осы орайда, Жамбыл облысына келген еліміздің орталық мемлекеттік органдары мен ұлттық компаниялардың өкілдерінің қатысуымен семинар –тренинг өтті.

Басқосуда тараптар Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тақырыпты талқылады, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.