Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау атқарушы органдардың міндеті. Ол үшін арнайы комиссиялар құрылған. Мамандардың сөзінше, жасөспірімдер қылмысын азайтуға ерекше назар аударылуда. Алайда, облыста жас жеткіншектерге қатысты жағымсыз жайттар тиылмай тұр.