Жыл соңына дейін мобилді қосымшаға чекті енгізіп, смартфон иесі атана аласыз. Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» науқанын өткізуде. Мұндағы басты мақсат - азаматтар арасында тұтынушы ретіндегі құқықтық мәдениетін қалыптастыру. 4 қыркүйекте бастау алған акция апта сайын жеңімпаздарды анықтауда.