Елді-мекендердің еңсесін көтеріп, әлеуметтік экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан жоба-жоспарлар аз емес. Соның бірі үкіметтік «Ауыл: Ел-бесігі» бағдарламасы. Бүгінде бұл бағдарлама аясында жол жөндеу жұмыстары қарқын ала түскен.
Сонымен қатар облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға ауыл ішілік көшелер де орта жөндеуден өтуде.