Биыл еліміз бойынша республикалық маңызы бар 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, аңызы бар трассалар мен қатар,облыс және ауданаралық 2,5 мың шақырымдық жол жөндеу де қолға алынса, Ел Президенті халыққа арнаған жолдауында үкіметке оны 10 мың шақырымға дейін жеткізуді тапсырды. Қазір елді мекендерде қызған жұмыс. Ауыл-аймақтың көшелері жөнделіп асфальталып жатыр.