Елімізде балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдар аралығында Қазақстандағы аквашаруашылық қоры: 5,7 мыңнан 19,2 мың тоннаға дейін көбейіпті. Жуалы жеріндегі жас кәсіпкер де ауласындағы аядай жерде бақтақ балығын өсіріп, кәсіптің көзін тапқан.