Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, сарапшыларды Жолдаудағы жүктелген міндеттерді іске асыру бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Бүгін Жоғары палата спикері Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында сарапшылармен кездесті. Қазір Парламенттің алдында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыруға арналған сапалы заңдар қабылдау міндеті тұр. Бұл істе Сарапшылар клубы және басқа да алаңдар аясында мамандармен жұмыс жандана түседі деді Мәулен Әшімбаев.