Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа жолдауын Жамбыл жұртшылығы да жақсы қабылдады. Онда ел дамуына қатысты бірқатар маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Расында, Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында нақты іске асқан шаралардың біразын атап өтті. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, Жолдауда берілген тапсырмалар болашақта да өз жалғасын табады.