Негізгі Жаңалықтар Жол апатынан қаза болған полицейлерге «Айбын» ордені берілуі мүмкін

Жол апатынан қаза болған полицейлерге «Айбын» ордені берілуі мүмкін

Жамбылда жол апатынан қайтыс болған екі полиция қызметкеріне «Айбын» ордені берілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді. Сондай-ақ салалық министрлік тарапынан қызмет бабында қаза тапқан сақшылардың отбасы мен балаларына барлық жағдай жасалады. Күні кеше марқұмдарды жақындары мен әріптестері арулап жер қойнына тапсырды. Оқиға орнында жан тапсырған 4 жолаушыны да ағайын, туысы ақтық сапарға шығарып салды.

Бөлісу