Отбасы құндылығы – мемлекет құндылығы. Бұрынғы аталарымыз шежірені тарқата айтып, кең даланың қасиетін сезіндіріп, оның ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалғанын бала жүрегіне жеткізе білген еді. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі ерекше болатын.
Ер- азамат- қазақта – ата- ананың отын тұтатушы, шаңырақ иесі саналады. Сондықтанда әке абыройы қашанда биік тұғырынан түспеген.