Жұмыс жасап, тірлігін тіктетем деген адамға әрқашанда қолдау бар! Бұған тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жоба сеп болады. Қәзір, «Ауыл аманаты» атауымен іске асырылып жатқан бағдарламаның шарапатын көргендер жетерлік.

Ия, бірі аула маңын тиімді пайдаланып табысын артырып жатса, бірі тігін цехын ашып, қазақтың ою – өрнегімен түрлі киімдер тігуде. Сондай жанның бірі Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының тұрғыны Дина Оразымбетова.