Жыл басынан бері елімізде 70 адам суға кеткен. Оның жетеуі жамбылдық. Соынмен қатар, жазғы маусымда өрт оқиғалары да өзекті болып тұр.

От пен судан бөлек кішкентай балаларды қараусыз қалдыру да қауіпті. Осыған орай төтенше жағдай мамандары баспсаөз мәслихатын өткізіп, көпшілікті қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.