Сарысуда ағынды судан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы құрылған комиссиямен шығындарды есептеу жұмыстарын жүргізуде.

Апаттан соңғы ахуал аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің бақылауында. Су басқан күні Сарысуға барған әкім жедел шараларды қолға алуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары басты назарға алынып отыр.