Ұлттық бірегейлікті ұлықтаған жоба. 8-13 қыркүйек аралығында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны – бүкіл түркі әлемі көз тіккен дүбірлі дода болғалы тұр. Оған 89 мемлекеттен 2 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтілуде. Түркі елдерінен бөлек, Бруней, Либерия, Венесуэла, Ирландия, Доминикан, Гамбия сияқты елдер ойынға алғаш рет қатысқалы отыр
Елімізде 5- Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау және жобаны халық арасында насихаттау жұмыстары басталып кетті. Мысалы, Қордайда Ноғайбай ауылында «Этноауыл» жобасы қолға алынды. Ырғайты өзенінің жағалауында өткен іс шара «Бірлік керуені» жобасы аясында ұйымдастырылған.