Ғалымдардың пайымдауынша, 2035 жылға қарай Қазақстандағы энергия тапшылығы 3,2 ГВт-ты құрайды. Ал атом энергия станциясын салу бұл мәселені түбегейлі шешуге ықпал етпек. Уран өндіру бойынша әлемде екінші орында тұрған біздің мемлекетте АЭС салу арқылы тұрақты энергия көздерін дамытуға мүмкіндік мол.

Бірақ бұл мәселені шешу – елдің еншісінде. Ұлттық құрылтай отырысында осы туралы қозғаған мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстана отырып, АЭС бойынша соңғы шешімді халық қабылдайтынын айтты.