Депутаттардың ел ішіндегі сапары жалғасуда. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы Нұргүл Тау Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Өңірдегі бірқатар нысандарды аралады, сапасымен танысты. Соның ішінде екі жоғары оқу орынның жатаҚханаларын аралап, жай-күйін көрді.