60 жылдық тарихы бар Мойынқұм ауданы бүгінде жылдан-жылға көркейіп келеді. Елді-мекендерде жаңа нысандар бой көтеріп, көше жолдары жөнделуде.

Оған әрине үкіметтің «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы үлкен сеп болуда. Сонымен қатар, аудан экономикасының дамуына үлестерін қосып жатқан инвесторлар да баршылық.