Қазақстандық колледждердің студенттері мен педагогтері енді тағылымдамадан Қытайға барып өте алады. Бүгін екі елдің оқу министрлері осындай келісімге келді. Одан бөлек, тараптар қос дипломдық білім беру, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.